$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.07.2020, 05:52
Оқиғалар

Қазақстандық хакер АҚШ-та 50 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ол кибералаяқтық пен хакерлік жасады деп айыпталып отыр

Қазақстандық хакер АҚШ-та 50 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Хакерлік әлемде FXMSP (эф-икс-эм-эс-пи) псевдонимімен танымал Қазақстан азаматы Андрей Турчин АҚШ-та 50 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.

Оған кибералаяқтық және хакерлік жасады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы ақпарат Вашингтонның әділет департаментінің сайтында пайда болған.

«2018 жылы Турчиннің тобы тұрғындардың желісіне жол тауып, кейін белгілі болған ақпаратты басқа киберқылмыскерлерге сатып отырған. Сол жылы Андрей мен оның жақтастары 30 мемлекеттегі жүзден астам компанияға қатысты киберқылмыс жасаған. Олар ақпаратты 2 мың - 10 мың долларға сатқан», -  деп жазылған телеарна сайтында.

Айта кету керек, егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 50 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары