Павлодарда өз бастығын тонап кеткен қызметкер бірнеше жылға сотталды
Оның қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Павлодардың 33 жастағы тұрғыны өз бастығын тонап кеткені үшін бір жарым жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті басылымның мәліметіне сүйенсек, ол бұл компанияға биыл тамызда жұмысқа орналасқан. Басшысы оған сенім арта бастағанда, 2025 жылдың 23 қарашасы күні директордың шақыруымен жұмысқа келген ол оның кабинетінде ақша барын көріп, конверттегі 770 мың теңгені алып кеткен.
«Сотта 33 жастағы жігіт кінәсін толық мойындады, өйткені, оның әрекеті кабинеттегі камераға түсіп қалған. Ол директорына ішінара 140 мың теңге қайтарған», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Бір қызығы, бұл жігіт біраз уақыт бұрын тағы бір танысының «аңқаулығын» пайдаланып, оның атына несие рәсімдеп жіберген екен.