31.12.2025, 10:20
Оқиғалар
Шығыс Қазақстанда автобус жүргізушісі рөлде отырып көз жұмды (ВИДЕО)
Ер адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болған
Өскемен – Новосібір бағытындағы автобус жүргізушісі рөлде отырып көз жұмды. Өлім себебін сараптама анықтайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Жолаушылардың айтуынша, ер адам автовокзалда өзін жайсыз сезінген. Ол жолаушыларға жуырда жүрегіне ота жасалғанын айтқан.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, жүргізуші жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болған.
«Автобус Бажов көшесімен келе жатқан кезде 57 жастағы жүргізушінің жағдайы кенеттен нашарлаған. Екінші жүргізуші жедел жәрдем шақырған. Өкінішке қарай, ер адам дәрігерлер жеткенше қайтыс болды», — делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды