31.12.2025, 09:47
Оқиғалар
Шымкентте пәтерден өрт шығып, 7 адамға қауіп төнді
Өрт толық өшірілді
Фото: Freepik
Шымкентте өрт шыққан үйден бір топ адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәлімдегендей, құтқарушылар 7 адамды эвакуациялады.
Әл-Фараби ауданындағы 17-шағын ауданда бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 7 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрттің ары қарай таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай сөндірілді.
Еске салсақ, 18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жер үй өртке оранып, 12 адам, соның ішінде тоғыз бала қаза тапты. Үш адам ауруханаға жеткізілген болатын. Алайда 30 қарашада 2018 жылғы қыз бала аурухана төсегінде қайтыс болды.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды