Имидждік шаралар бюджеті қысқартылсын: Туризм министрлігі бір тизер үшін неге 1,9 млн теңге жұмсады

Azattyq Rýhy

Қыркүйекте Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді

Туристерді қызықтыру үшін Туризм министрлігі 1,9 млн теңгеге бір тизер түсірді. Алайда, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Azattyq Rýhy тілшісіне бұл ақпарат турасында ешқандай комментарий бере алмады.

«Тизер үшін 1,9 млн теңге жұмсалды, алайда көпшілік видео сапасы бұл сомаға сәйкес емес деген пікірде. Туризм министрлігінің басшылық өкілі ретінде тизерге жұмсалған қаражатты егжей-тегжейлі көрсететін қаржылық есепті көрсете аласыз ба?» деген сұрағына вице-министр:

«Ақпаратты біздің баспасөз қызметі арқылы сізге береміз. Дегенмен, жабық сипаттағы белгілі бір ақпараттар бар», - деп жауап берді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік іс-шаралар бюджетін қысқартуды тапсырды. Нәтижесінде шара бір күнге қысқарып, 8-13 қыркүйек аралығында өтетін болды.

Туризм министрлігі тапсырысымен дайындалған тизер 3 тілде жарық көрді. Көшпенділер ойындарына Қазақстан мен шетелден 100 мың турист келеді деп күтілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.