Соңғы 5 жылда біз ауқымды саяси реформалар жүргіздік – Президент

Azattyq Rýhy

Парламенттің ықпалы, Үкіметтің жауапкершілігі айтарлықтай артты

Соңғы 5 жылда біз ауқымды саяси реформалар жүргіздік – Президент
Фото: Ақорда

Бүгін БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз дамудың жаңа сатысына қадам басқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанның саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Парламенттің ықпалы, Үкіметтің жауапкершілігі айтарлықтай артты. Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік орныға түсті. Саяси партиялардың қоғамдық рөлі күшейді. Азаматтарымыз өз ой-пікірлерін ашық айтып, қоғамда белсенді болуына мүмкіндік беретін нақты тетіктер пайда болды. Сайлау жүйесін жетілдірдік. Ауыл, аудан әкімдері тікелей сайлана бастады. Бір сөзбен, саяси және қоғамдық мәдениет үлкен өзгеріске ұшырады», - деді Президент.

Ең маңызды бастаманың бірі – Президенттің жеті жылдық мерзімге бір рет қана сайланатыны.

«Осы шешімнің саяси мән-мағынасы ерекше, бұл – мемлекет басқару ісінде жаңа стандарт қалыптастыратын маңызды қадам. Реформалар, өзгерістер әлі де жалғаса береді. Ең бастысы, бұл өзгерістер – халықтың таңдауы. Сондықтан біз ешқашан кері қайтпаймыз, тек алға қарай жүреміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.