«Aiqyn», «Литер»: Тоқаев қандай газет-журналдарды оқиды

Azattyq Rýhy

Президент газет шығару және газет оқу үрдісі ешқашан үзілмеуге тиіс екенін айтты 

«Aiqyn», «Литер»: Тоқаев қандай газет-журналдарды оқиды
Фото: Ақорда

Бүгін журналистерді құттықтау рәсімінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қандай газет-журналдарды оқитынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Баспасөз – қоғамның бет-бейнесі. Мен күнделікті газет-журналды үнемі қадағалап отырамын. «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда», «Aiqyn», «Литер», «Turkistan», «Ana tili», «Қазақ әдебиеті» басылымдарын, аймақтарда шығатын газеттерді де үзбей оқимын. Көп мағлұмат аламын, пайдалы ақпарат өте көп. Жалпы, қазіргі таңда газеттерде жарияланып жатқан материалдардың сапасы жоғары, оқуға тартымды деп айтқым келеді. Қоғамның тынысын, зиялы қауымның ой-пікірін біліп отыру өте маңызды деп санаймын.

Шын мәнінде, газет шығару және газет оқу үрдісі ешқашан үзілмеуге тиіс. Осы сабақтастықты сақтап қалу керек. Бұл – өркениетті елдердің барлығында қалыптасқан дәстүр», - деді Мемлекет басшысы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.