Тоқаев тағы екі имидждік шараның бюджетін қысқартатын болды

Azattyq Rýhy

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен Токиодағы көрменің бюджеті қысқарады

Тоқаев тағы екі имидждік шараның бюджетін қысқартатын болды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым. Сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Әрине, қазір бұл шарадан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады», – деді Президент.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана халықаралық форумы, сәуірге жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы мен мамырға жоспарланған Ұлттық өнімдер көрмесі өтпейтінін хабарлағамыз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.