$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан экономикасын декарбонизациялауға байланысты маңызды міндет тұр - Тоқаев

Президент Қазақстанның қазба байлығы бұрынғыша экономикалық өсімнің негізі болып қалады деді 

Қазақстан экономикасын декарбонизациялауға байланысты маңызды міндет тұр - Тоқаев
Фото:Ақорда

Отандық ғылымның алдында Қазақстан экономикасын декарбонизациялауға байланысты маңызды міндет тұр. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ұлттық кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

“Дамыған елдердің көбі жаңартылатын энергия көздеріне қатысты жобаларды белсенді іске асыруда. Сондай-ақ олар көміртексіз дамуға көшіп, жаңа экономикалық кластерлер құру үшін қажетті технологиялық әлеуетке ие. Бұл саладағы жаһандық үрдістер көшінен қалмау үшін бізге өз ерекшеліктеріміз ескерілген төл ғылыми әзірлемелер қажет”,-дейді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның қазба байлығы бұрынғыша еліміздің экономикалық өсімінің негізі болып қала беретінін атап өтті. 

“Сондықтан табиғи ресурстарды, соның ішінде көмірсутегілер мен сирек кездесетін металдарды өндіру саласына озық технологияларды енгізу керек. Іздеу-барлау жұмыстарының нәтижелі болуына мән беріп, жаңа кен орындарын ашу қажет. Ол үшін геология ғылымын сапалы дамыту маңызды. Жалпы, бүкіл отандық ғылымның әлеуеті бәсекелестік артықшылықтарымызды тиімді пайдалануға және ғылымды қажет ететін жаңа секторларды кеңінен игеруге бағытталуға тиіс»,-деді ол.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары