$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.03.2020, 14:48
Үкімет

АШМ инспекторлары Ресей мен Вьетнамнан келген 175 тонна өсімдік өнімін кіргізбеді

76 тоннадан астам картоп, 19 тоннаға жуық банан, 2 мың гүлдің сертификатсыз әкелінгені анықталды

АШМ инспекторлары Ресей мен Вьетнамнан келген 175 тонна өсімдік өнімін кіргізбеді

Еліміздегі өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Қазақстан нарығына Ресей мен Вьетнам елінен әкелінген 175 тонна өсімдік өнімін кіргізбеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

24 ақпан мен 3 наурыз аралығында Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциялары Ресей мен Вьетнам мемлекетінен жоғары фитосанитарлық қауіп-қатері бар өсімдік өнімдерін заңсыз алып келудің жолын кесті.

Карантиндік бақылау барысында инспекторлар 76 тоннадан астам картоп, 55 тоннадан астам жеміс-жидек және көкөніс түрлерін, 19 тоннаға жуық банан, 2 мың гүл және 600 дана гүл көшеттерін, сондай-ақ Вьетнамнан 25 тоннаға жуық кешью жаңғағын фитосанитарлық сертификатсыз алып келгенін анықтады.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдерді Қазақстан аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 400-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Ираннан келген 425 тоннаға жуық жеміске шектеу қойылды

Серіктес жаңалықтары