$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.03.2020, 11:53
Үкімет

Ираннан келген 425 тоннаға жуық жеміске шектеу қойылды

Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ираннан келген 425 тоннаға жуық жеміске шектеу қойылды
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары 17-24 ақпан аралығында Ресей мен Ираннан елімізге фитосанитарлық қаупі жоғары 560 тонна өсімдік өнімдерін заңсыз алып кірген 26 фактіні анықтады. Бұл туралы АШМ ресми сайтында жарияланды.

Ресейден фитосанитарлық сертификатсыз Қазақстанға 54 тонна сәбіз, 10 тонна қырыққабат, 40 тонна картоп пен қызылша, 20 тонна бидай, 19,5 тонна жеміс, сондай-ақ, 2 мың бірлік гүл өнімдері,  ал Ираннан (фитосанитарлық сертификатсыз – ред.) 174 тонна алма мен 249 тонна кептірілген жеміс кіргізілмек болған.

Оқи отырыңыз: Наурыздан бастап Қазақстанға Қытайдан әкелінетін кейбір жеміс түрлеріне тыйым салынды

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарына сәйкес, аталған өнімдерді Қазақстан аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін АШМ мемлекеттік инспекторлары Ресейден манго өнімдері мен АҚШ-тан миндаль жаңғағын Қазақстанға кіргізбеді. Сондай-ақ жүктің қауіпсіздігін растайтын фитосанитарлық сертификатсыз Вьетнамнан 23,4 тонна кофе дәндері және АҚШ-тан 86,6 тонна миндаль жаңғағы жеткізілген. Аталған өнімдерді Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салынғандықтан, айыпты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Өзбекстаннан келген қаптама таңбалары жоқ 23 тоннадан астам жемісті (оның ішінде, 6 тонна анар мен 30 тонна сәбіз) ел аумағына кіргізуге тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары