$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.03.2020, 12:07
Үкімет

Коронавирус: шетелдік 1,5 мың азаматқа Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілген жоқ

Сондай-ақ, коронавирус табылған мемлекеттердің елімізде жүрген 7260 азаматына нақты талаптар қойылды

Коронавирус: шетелдік 1,5 мың азаматқа Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілген жоқ

Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті. Министрдің айтуынша, Қазақстанның еңбек нарығында коронавирус табылған елдердің 7 мыңнан аса азаматы жұмыс істеп жүр. Егер осы азаматтар арасынан келісімшарт мерзімі аяқталмай тұрып еліне барғысы келетіндер болса, олар Қазақстанға қайтып кіре алмайды.

«Әрине, коронавирусқа байланысты, шетелден келіп жұмыс істеп жүрген азаматтар күнделікті бақылауда. Былтыр рұқсат бойынша келген 19 мыңнан астам азамат елімізде жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде, коронавирус табылған мемлекеттердің 7260 өкілі бар», - деді ол. 

Еңбек министрінің айтуынша, ақпан айынан бастап Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алуға үміттеніп отырған 1543 шетелдік жұмысшыға рұқсат берілмеген.

«Бұл азаматтарға енді рұқсат берілмейді.  Ал жеті мыңнан аса азамат (коронавирус табылған елдердің азаматтары – авт.) ішінен  рұқсат мерзімі өтпеген, бірақ шетелдегі үйіне барып келгісі келгендер болса, олар Қазақстанға қайтып кіре алмайды. Сондай талап қойдық», - деді Нұрымбетов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға коронавирус тараған елдерден жұмыс күшін тартуға тыйым салынады

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары