$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.03.2020, 11:28
Үкімет

Жасы 65-тен асқан депутаттар жұмысқа шықпайды

Індет Мәжіліс күн тәртібіне өзгеріс енгізді

Жасы 65-тен асқан депутаттар жұмысқа шықпайды

Парламент Мәжілісінің төрағасы коронавирус пандемиясына байланысты бүгінгі пленарлық отырыстың өзгеше форматта өтіп жатқанын хабарлады. Себебі, 23 депутат жұмысқа келген жоқ.

«Өздеріңіз байқағандай, кей әріптестеріміз жиналысқа қатысып отырған жоқ. Бірақ қорқудың еш қажеті жоқ. Алаң болмаңыздар. Олар аман-есен. Тек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес, жасы 65-тен асқан депутаттарға пленарлық отырысқа қатыспай, үйде отыруға кеңес бердік. Бізге кворум жалпы отырысты осындай форматта өткізуге де мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Н.Нығматуллин.

Айта кетсек, Парламент Мәжілісіндегі жасы ең үлкен депутат – Владислав Косарев. Ол биыл 83-ке келеді.

23 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында жасы 55-тен асқан азаматтарға жұмысқа шығуды шектеуге кеңес беріп, қарт адамдарға үйде оқшауланған дұрыс екенін айтқан болатын.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары