ШұғылБұдан былай бейбіт митингке шығуға рұқсат керек емес – Президент

Экология министрі Дәурен Абаев пен Нұртас Адамбайға челлендж жолдады

Еліміздің бас экологы қолды қалай жуу керегін көрсетті

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан қабылдаған челленджге бүгін жауап қатты. Бұл туралы Мырзағалиев өзінің Twitter-парақшасында жазды. Министр қауіпті індеттің алдын алу үшін қолды қалай дұрыс жуу керегін көрсетеді.

«Коронавирусты алдын алу жолдарының бірі - бұл жеке гигиенаны сақтау. Осыған орай, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің #SafeHands қол жуу челленджiн қабылдадым. Эстафетаны одан әрі әріптесім Дәурен Абаев мырзаға, танымал әртіс, еліміздің эко елшісі Нұртас Адамбай мырзаға және UNDP бағдарламасының Қазақстандағы өкілі Якуп Бериш мырзаға жолдаймын. Аман-сау болайық, ағайын!», - деді ол.

Министр суды үнемдеп, арасында кранды жауып қойғанын байқауға болады.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі қолды дұрыс жуу әдісін көрсетті

 

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады