Алматы мен Нұр-Сұлтанда ірі сауда үйлері жұмыс істемейді – министрлік түсініктеме берді

Жаңа бұйрық қос шаһарға жүрмейді

Сауда және интеграция министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген ұсыныстар карантин режимі енгізілген аумақтарда жүрмейді, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

«Әкімдердің шешімі және тиісті аумақтың (авт. карантин енгізілген) Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша объектілердің қызметін тоқтата тұруға дейін қосымша шектеу шаралары енгізілген аумақтарда бұйрық қолданылмайды», - делінген түсініктемеде.  

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 16 наурыздан бері карантин енгізіліген.

Оқи отырыңызСауда орталықтары ашылғанмен, тамақтана алмайсыз

Айта кетейік, бұдан бұрын аталған министрлік ірі сауда үйлерінің жұмысына қатысты жаңа бұйрық шығарған.

Сұхбат
«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты