$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.03.2020, 15:21
Қоғам

Сауда орталықтары ашылғанмен, тамақтана алмайсыз

Сауда және интеграциялар министрлігі сауда орталықтарының жұмысына қатысты ішінара өзгерту енгізді

Сауда орталықтары ашылғанмен, тамақтана алмайсыз

Сауда орталықтары карантинге қарамастан, жұмыс істейтін болды. Бұл туралы сауда және интеграциялар министрлігі хабарлап отыр. Карантинге байланысты жабылған сауда үйлері қайта ашылғанмен, тамақтану орындарының жұмысы тек үйге жеткізу үшін ғана жұмыс істейді.

Дереккөзіне сүйенсек, сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан тамақтану орындары өзінің немесе басқа да үйге жеткізу қызметіне сүйене отырып, тамақ, сусын және тағы басқа тауарларын тапсырыс берушінің үйіне ғана жеткізе алады.

«Ал, сауда объектілерінің аумағынан тыс орналасқан сауда объектілерінің жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін шектеліп, келушілердің саны бір мезгілде 50 адамнан аспауы шарт», - деп хабарлап отыр министрлік.

Сауда орталықтары мен базарларды ашу туралы шешім осы салада жұмыс істейтін азаматтардың көптігімен және оларды кіріссіз қалдырмау себебімен түсіндірілген.

«Бірақ, сонымен қатар, барлық кәсіпкерге тазалық және дезинфекция шараларын сақтау жөніндегі бас санитар дәрігердің талабын ұмытпауды ескертеміз.  Бас санитар дәрігердің бұйрығында айтылған ұсыныстар  орындалмаған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері объектілердің қызметін тоқтата тұруға дейін шаралар қолдана алатынын ескертеміз», - деп хабарлайды Сауда және интеграциялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаңа ұсыныс, яғни, сауда орталықтары мен базарларды ашу туралы шешім Қазақстан Республикасының барлық аумағына бірдей тарайды. Бірақ, тиісті аумақтың әкім және тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитар дәрігері коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты, эпидемиологиялық жағдайды ескере отыра, объектілердің қызметін тоқтата тұруды ұйғара алады.

 

Серіктес жаңалықтары