$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.03.2020, 16:09
Қоғам

Жұмыссыз қалған қазақстандықтарға ай сайын 42500 теңге төленеді - Тоқаев

Алматыда 266 мың адам жұмыссыз қалды

Жұмыссыз қалған қазақстандықтарға ай сайын 42500 теңге төленеді - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев елдегі төтенше жағдай режимі аяқталғанша, табысынан айырылып қалған азаматтарға ай сайын 42 500 теңге төлеп тұруға тапсырма берді. Алдын ала есеп бойынша, бұл көмекке шамамен 1,5 млн қазақстандық ілінеді.

«Егер қажет болса, көмек аясын кеңейтіп, соманы ұлғайтуға біздің қорымыз жеткілікті. Мемлекеттік комиссияға төлемнің тиімді, ашық механизмін жасауды бұйырамын. Төлем алатын азаматтарды қоғам өкілдерінің және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қатысуымен өңірлік штабтар анықтайды», - деді Қ.Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында.

Бұдан бөлек, көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, өзге де аз қамтылған топ өкілдеріне ұдайы тегін азық-түлік жеткізіліп отырады.

Президенттің сөзінше,  карантин режимі енгізілгеннен кейін Алматының өзінде кәсіпорындардағы жұмыс орындарының саны 266 мыңға қысқарып қалған. Жеке кәсіпкерлер де жапа жегіп, 80%-ы жұмысын уақытша тоқтатқан. Осылайша, қаладағы карантин 500 мың алматылықтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары