$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.03.2020, 14:49
Үкімет

«Нөлдік ставка»: Үкімет бірқатар бизнес субьектілерін мүлік және жер салығынан босатты

Салық бойынша өсімпұлдар да тоқтатылды

«Нөлдік ставка»: Үкімет бірқатар бизнес субьектілерін мүлік және жер салығынан босатты

Президенттің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285, «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 және «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 жарлықтарына сәйкес салық-бюджет саясатының мәселелерін реттеу мақсатында Үкiмет жаңа қаулы шығарды. Бұл туралы Премьер-министр сайты хабарлайды.

Нөлдік ставка бекіту туралы қаулы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болмақ. Ол төмендегі бизнес түрлеріне қатысты болмақ.

« - ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығының;

- ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бойынша жер салығының;

- салық салудың жалпы белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің жеке табыс салығының мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті енгізілсін»,- делінген қаулыда.

Мөлшерлемелерге осы қаулының 2-тармағында көрсетілген «0» түзету коэффициентін қолданған кезде салық базасын, салық салу объектілерін, салық кезеңін және салық міндеттемелерін орындауды айқындау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, аталған бизнес субьектілері  үшін салықтық өсімпұлдар тамыз айына дейін есептелмейді.

«Осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер үшін барлық салықтар бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұлдарды есептеу 2020 жылғы 15 тамызға дейін тоқтатыла тұрсын және салық есептілігін тапсыру мерзімі 2020 жылғы 3-тоқсанға ауыстырылсын», - делінген құжатта.

Сондай ақ, Ұлттық экономика министрлігіне  ірі қара малды және асыл тұқымды балапандарды қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесіне енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары