ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 820 адам коронавирус жұқтырған

Премьер-Министр жұмыс орындарын сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды

Президент жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті

Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, еңбек нарығындағы жағдай және жұмыспен қамту шаралары туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ шаралары туралы Қордың басқарма төрағасы А. Есімов, жұмыспен қамтуды қолдау бойынша бизнес қауымдастық ұсынған шаралар туралы «Атамекен» ҰКП» басқарма төрағасы А. Мырзахметов, өңірлерде жұмыспен қамту туралы Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Атырау облыстарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдері баяндады. 

«Қазақмыс» корпорациясы, «ССТКБӨБ» АҚ, NCOC және басқа да ірі кәсіпорындардың басшылары жұмыс орындарын сақтау шаралары туралы ақпаратты жеткізді.

«Сыртқы нарықтардағы жағымсыз динамика аясында біздің басты басымдығымыз жұмыс істеп тұрған өндірістерді сақтау, экспорттық позицияларды сақтап қалу болып отыр. Біз қазақстандықтардың арасында жұмыссыздықтың артуына жол бермеу мақсатында өндірістік процестерді басқаруда икемділікті қамтамасыз етуге тиіспіз», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне өңірлерде әлеуметтік шиеленіске жол бермеу үшін үйлестірілген шаралар қабылдауды, шаруашылық субъектілерімен жұмыс орындарын сақтау бойынша жасалған меморандумдарды өзектілендіруді және кәсіпорындармен экономика салалары арасындағы Кәсіпорындар жұмыскерлерінің басқарылатын ағымы жөніндегі жол картасын жасасуды қамтамасыз етуді тапсырды. 

Кәсіпкерлік белсенділікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыс орындарын сақтау, несиелендіруді арттыру және экономиканың осы секторын ынталандыру бойынша басқа да дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау қажеттігіне ерекше назар аударылды. 

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, адамдардың жұмыстан қысқартылуына жол бермеу және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын қабылдай отырып, жұмыстан босатылу ықтималдылығына күнделікті мониторинг жүргізуді тапсырамын», — деді А. Мамин.