$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.03.2020, 18:36
Үкімет

Карантинге жабылған үйден әдейі қашқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Бұл туралы Әділет министрі мәлімдеді

Карантинге жабылған үйден әдейі қашқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Карантинге жабылған үйлерде тұратын азаматтар арнайы режимді сақтамаған жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.

Алматы қаласының аумағындағы эпидемиологиялық тексеру нәтижесі бойынша коронавирустың 10 ошағы анықталған еді. Аталған аймақта орналасқан үй тұрғындарының сыртқа шығуы шектелген. Олар сыртқа шыққанда үнемі медицина және полиция қызметкерлерінің бақылауында болады. 

«Карантинге жабылған үйдің тұрғыны дүкенге барса да айналасындағыларға қауіп төндіреді. Ол өзінің жеке басын ғана емес, басқаның да денсаулығын қатерге тігетінін ескеруі тиіс. Оның санкциясын айту ерте. Тұрғындардың жасаған әрекетіне байланысты түрлі жаза тағайындалуы ықтимал. Ал, әдейі қашып кеткен тұрғындар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», - деді Әділет министрі Марат Бекетаев.

Эльмира Мәмбетқызы

Серіктес жаңалықтары