$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.02.2020, 16:13
Үкімет

Шымкенттіктер қасиетті Қағбаға тікелей ұшады

«Ашық аспан» жобасының аясында Шымкент-Медина әуе бағыты ашылады деген жоспар бар  

Шымкенттіктер қасиетті Қағбаға тікелей ұшады

Бұл туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Берік Камалиев мәлім етті. Оның айтуынша, Қазақстанның азаматтық авиациясы «ашық аспан» жобасының аясында 14 жаңа халықаралық әуе бағдар ашуды жоспарлап отыр.

Осылайша:

  • Qatar Airways әуе компаниясы Доха-Нұр-Сұлтан, Доха-Алматы бағыты бойынша;
  • LOT әуе компаниясы  Алматы-Варшава бағыты бойынша;
  • Salam Air әуе компаниясы Алматы-Маскат бағыты бойынша;
  • Белавиа әуе компаниясы Ақтау-Минск;
  • Jazeera Airways әуе компаниясы Кувейттен Қазақстан Республикасына;
  • Air Asia X әуе компаниясы Куала-Лумпур-Алматы-Лондон бағыты бойынша;
  • Israir әуе компаниясы Тель-Авив-Алматы бағыты бойынша; 
  • Air Astana Алматы-Париж және Алматы-Мумбай бағыттары бойынша;
  • SCAT әуе компаниясы Шымкент-Джидда, Шымкент- Медина, Нұр-Сұлтан-Дели бағыттары бойынша жолаушы тасымалдай бастайды.

Сонымен қатар, Варшава-Нұр-Сұлтан, Миниск-Алматы бағытымен ұшатын рейстердің санын аптасына жеті рет қылып көбейту жоспарланып отыр. 

«Халықаралық әуе бағыттарындағы бәсекелестікті арттырып, әуебилеттерінің бағасын арзандату үшін Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен, өткен жылдың 1 қарашасынан бастап еліміздің 11 әуежайында «ашық аспан» режимі іске қосылған болатын. Қазір Қазақстан 99 халықаралық әуе бағыты бойынша 26 шет мемлекетпен әуе байланыс орнатқан.  Бұл дегеніміз, Қазақстанның үш әуе компаниясы аптасына 26 шет елден 430 рейс жасайды», - дейді вице-министр.

Айта кетейік, министрліктің алқа отырысы ведомство басшысы Бейбіт Атамқұловсыз, Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өтіп жатыр.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары