Тоқаев шенеуніктердің ысырап жасауына ұзақмерзімді мораторий жариялауды ұсынды
Сондай-ақ, шығынға толы форумдар мен семинарлар, конференциялар да өткізілмеуі мүмкін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкердің қымбат көлік пен жиһаз сатып алуына мораторий жариялауды ұсынды.
«Қымбат көлік пен жиһаз сатып алуға, әртүрлі форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге ұзақмерзімді мораторий жариялауды ұсынамын. Іс-шаралар көзге көрінетін практикалық және идеологиялық пайда әкелуі керек. Ысырапшылыққа жол бермеу керек. Бөлінген қаражат елдің мүддесіне қызмет етуі керек», - деді Тоқаев.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиында Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебі айтылып жатыр.