$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2019, 12:59
Үкімет

Ағза доноры болуға тағы қай министр дайын?

Қазақстанда жыл сайын донор күтумен науқастардың 30%-ы қайтыс болады

Azattyq Rýhy үкімет мүшелері арасында кімдер донор болуға дайын екенін сұрастырып көрді.

«Мен онымен (авт. Дәурен Абаев) толықтай  келісемін. Мен сізге айтайын, бұл мәселе жайында үйде әйеліміз екеуіміз сөйлескенбіз», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.  

Ал, Әділет министрі Марат Бекетаев «бұл мәселе әркімнің жеке шаруасы» деп қысқа қайырды.

Еске салайық, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өмірден озған соң, өз органдарымен бөлісуге әзір екенін айтқан.

 «Жақын арада ағза доноры болуға рұқсат ететін құжатқа қол қоямын», - деді Абаев отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында.

Министр елдегі «қара нарық», өз еркімен донор болуға келісім беретіндер саны көбейсе ғана тыиылады деп есептейді.

Айта кету керек, биыл Қазақстанда адам органдарын заңсыз саудалайтын трансұлттық қылмыстық топ ұсталды. Тіпті, оған лауазымды дәрігерлердің қатысы бары да анықталған. Ішкі істер министрлігі белгілі трансплантолог Ғани Құттымұратовты Украина азаматтарының  ағзаларын заңсыз алды деп айыптады. Сондай ақ, жақында Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Доңбай ұсталды.  Бас дәрігерге «трансұлттық қылмыстық топқа қатысу» және «адам органдарын заңсыз алу» баптары бойынша айып тағылған. Ол  ота жасаған науқастарға донор Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары болған, ал реципиенттер алыс шетелдердің, негізінен Израильдің азаматтары екені хабарланды.

Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары