$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2019, 22:53
Саясат

Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері ұсталды

Бас дәрігерге «трансұлттық қылмыстық топқа қатысу» және «адам органдарын заңсыз алу» баптары бойынша айып тағылған

Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері ұсталды

Шымкентте полиция қызметкерлері № 1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас дәрігерге Қылмыстық кодекстегі «трансұлттық қылмыстық топқа қатысу» және «адам органдарын заңсыз алу» баптарында қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықтар жасады деген айып тағылған.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында 2017-2018 жылдары Қазақстан аумағында адам органдарын трансплантациялау саласында тұрақты қылмыстық топ жұмыс істегені анықталды. Донорлар ретінде ауыр материалдық жағдайға байланысты өз бүйрегін мәжбүрлі сатқан Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары болған, ал реципиенттер алыс шетелдердің, негізінен Израильдің қамтамасыз етілген азаматтары болды», – делінген ведомство хабарламасында.

Тергеу барысында адам органдарын сатып алу-сатуға заңнамалық тыйым салынғанына қарамастан, азамат А. Донбайдың ірі ақшалай сыйақы үшін бүйректі алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз операциялар жүргізгені анықталды.  

Бұдан бұрын дәрігер-трансплантолог Құттымұратов пен қылмыстық топ мүшелерінің бірі, Қырғызстан азаматы Б. Т. Тайсалова ұсталып, қамауға алынған еді.

Серіктес жаңалықтары