ШұғылҚазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 152 мыңнан асты

Елбасы шейх Сұлтанның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шейх Сұлтан бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шейх Сұлтан бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бауырыңыз әрі Біріккен Араб Әмірліктерінің абыройлы саяси қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Нахаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Шейх Сұлтан Біріккен Араб Әмірліктерінің аяқтан тұрып, гүлденуіне ерекше үлес қосқан тұлға ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін.

Осынау сын сағатта, Аса құрметті Президент мырза, Сізге және отбасыңыздың мүшелеріне сабыр тілеп, азалы көңілімді білдіремін», - делінген Елбасының жеделхатында.