ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 820 адам коронавирус жұқтырған

Элизабет Тұрсынбаева «Дарын» сыйлығының иегері атанды

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 22 қарашадағы №868 қаулысымен 2019 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

Фото: reuters

Мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет, сондай-ақ спорт саласында жетістікке жеткен жастарға берілді.

«Эстрада» номинациясы бойынша

Макин Әділхан Құрманғалиұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Т. Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 3-курс студенті;

Айтімбай Марат Төреханұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы»  республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының солисі, конферансье;

«Классикалық музыка» номинациясы бойынша

Мұсахан Данара Ерұланқызы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Музыкатану және композиция» кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD);

Жамбаев Әзімбек Қалдыбекұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 1-курс магистранты;

«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша

Сұлтанхан Мейірбек Бектұрсынұлы - айтыскер, айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі;

Сатыбалдиев Жарас Болатұлы - «Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әртісі, дирижер;

«Әдебиет» номинациясы бойынша

Байбұланова Жадыра Төкенқызы - «Хабар агенттігі» акционерлік қоғамы «Хабар 24» телеарнасының редакторы;

Смағұлов Бекзат Болатжанұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті музыка өнері басқармасының сарапшысы;

«Театр және кино» номинациясы бойынша

Серкебаева Алтынгүл Ерболқызы - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының актрисасы; 

Өтепберген Аян Өмірәлі - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының актері;

«Спорт» номинациясы бойынша

Тұрсынбаева Элизабет Байтаққызы - мәнерлеп сырғанаудан 2019 әлем вице-чемпионы, Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері, қысқы Универсиада-2019 күміс жүлдегері;

Қоңқабаев Қамшыбек Бисенбайұлы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының капитаны;

«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша

Жүзбай Айжан Қуанышәліқызы - «Жүзбай дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, бас дизайнер,  «Қазақ сән қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті;

Мүсіреп Сырым Еламанұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Мүсін» мамандығы бойынша 4-курс студенті;

«Журналистика» номинациясы бойынша

Түсіпов Мырзабек Нағашыбекұлы - «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының «Хабар» телеарнасы бағдарламалар өндірісі бөлімінің редакторы;

Тасқалиев Айбек Серікұлы - Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» газетінің тілшісі;

«Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша

Ибрагимов Нұрсұлтан Құдайбергенұлы - «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас хатшысы;

Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы - «Қазақстанның студенттер альянсы» республикалық студенттік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің президенті;

«Ғылым» номинациясы бойынша

Нұрлан Қанат - Н. Н. Боголюбов атындағы теориялық физика зертханасының кіші ғылыми қызметкері;

Ерланұлы Ерасыл - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Физика-техникалық факультеті плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының 2-курс PhD докторанты;

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 2019 жылға арналған мөлшері әр номинация бойынша 600 мың теңге сомасында белгіленген.