Лицензиясы бір айға тоқтатылған 5 университеттің тізімі жарияланды
Бұл жақында жүргізілген Білім және ғылым министрлігінің тексеру жұмыстарының нәтижесі
25 қарашада Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің жоғары оқу орындарына жүргізілген тексеру жұмысының қорытындысын жариялап, 5 университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылғанын хабарлаған еді.
Сондай-ақ, 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынып, 1 университет бойынша іс сотқа жіберілгенін айтқан. Бүгін аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі лицензиясы бір айға тоқтатылған 5 университеттің тізімін жариялады. Олар:
1. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет (Шымкент қаласы);
2. Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар қаласы);
3. «Алматы» университеті (Алматы);
4. Қазақстан-Американдық еркін университет (Өскемен қаласы);
5. Қазақстан-Ресей университеті (Нұр-Сұлтан қаласы);