$ 508.91  594.36  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет жекеменшік мектептерді субсидиялау саясатын қайта қарайды

Артық қаржыландыруды тоқтату қажет деді премьер

Үкімет жекеменшік мектептерді субсидиялау саясатын қайта қарайды
Фото: istockphoto.com

Үкімет жекеменшік мектептер мен жекеменшік медицина ұйымдарын субсидиялау саясатын қайта қарайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Үкімет отырысында президенттің «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында берген тапсырмалары қаралды.

«Сұхбаттың ауқымды бөлігі әлеуметтік мәселелерге арналған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық әлеуметтік міндеттеме толық көлемде орындалады», - деді Бектенов.

Премьер-министр әлеуметтік саладағы алаяқтыққа тосқауыл қою керек екенін атап өтті.

«Жекеменшік мектептер мен жекеменшік медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарау қажеттігіне назар аударылды. Артық қаржыландыруды тоқтату қажет. Адал бәсекелестікте жұмыс істей алмаса, бізге мұндай бизнестің қажеті бар ма? Бұл салада алаяқтық кеңінен таралып кеткені бәрін мәлім. Оқу-ағарту, денсаулық сақтау және қаржы министрліктеріне бір апта ішінде осы мәселелерді шешуге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деді ол.

Сондай-ақ, Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау кезінде алаяқтықты болдырмауға бағытталған кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Олжас Бектенов