$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Доғарыңыздар»: Бектенов үкіметтің биылғы бірінші отырысында министрлерді «қорқытты»

Ол үкімет мүшелерін сөзден іске кірісуге шақырды

«Доғарыңыздар»: Бектенов үкіметтің биылғы бірінші отырысында министрлерді «қорқытты»
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысында президенттің «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында айқындап берген даму приоритеттері бойынша жұмыс жоспары қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов қарамағындағы шенеуніктерден бюджет қаржысын үнемдеп, қағаз жүзіндегі есеп емес, нақты нәтиже талап ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сөзден іске кірісу керек. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Ал есеп беру, презентация жасау – оның бәрін доғарыңыздар. Нәтиже болмаса, оның бәрі бос әңгіме. Осылай жаңаша жұмыс істей алмасаңыздар, ашық айтыңыздар, бұл мәселені шешеміз», - деді Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министр орынбасарларына президент тапсырмаларының орындалу барысын өз бағыттары бойынша үйлестіруді тапсырды.  

Серіктес жаңалықтары