30.09.2025, 13:12
Экономика
Қазақстанда 18,4 млн тонна астық жиналды
Осы уақытқа дейін 12 млн гектар алқап орылған
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 12 млн гектар алқабы немесе жалпы егіс көлемінің 74,9%-ы жиналып, нәтижесінде 18,4 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дәнді дақылдардан бөлек, 1 млн тонна майлы дақыл, 2,1 млн тонна картоп және 3 млн тонна көкөніс жинаған. Картоптың орташа өнімділігі гектарына 227,4 центнерді, көкөністікі – 298,1 центнерді құрады.
Нақтырақ айтқанда:
- Қырыққабат – 413,7 мың тонна (322,7 ц/га),
- Пияз – 762,3 мың тонна (417,0 ц/га),
- Сәбіз – 313 мың тонна (289,5 ц/га) көлемінде жиналды.
Министрлік мәліметінше, егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды