30.09.2025, 10:53
Экономика
Қазақстанда мүлік сату саласындағы қызметтердің құны 1,4 трлн теңгеге жеткен
Бұл былтырмен салыстырғанда 35 пайыз көп
Фото: pixabay
Жылжымайтын мүлік саласындағы қызметтер көлемі 35% артты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып.
2025 жылғы қаңтар–маусым аралығында жылжымайтын мүлік операциялары бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 1,4 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,2% өсті.
Қызмет түрлері бойынша бөлініс:
- Тұрғын үйді жалға беру және басқару – 681,5 млрд теңге
- Кеңселер мен әкімшілік ғимараттарды жалға беру және басқару – 180,9 млрд теңге
- Сауда нысандары мен көпфункциялы кешендерді жалға беру және басқару – 136,7 млрд теңге
- Басқа санаттарға кірмейтін жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару – 106,2 млрд теңге
- Көппәтерлі және жеке үйлерді сатып алу-сату – 75 млрд теңге
- Басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату – 4 млрд теңге
- Көрме және конференц-залдарды жалға беру және басқару – 554,8 млн теңге (ең төмен көрсеткіш)
Өңірлер бойынша:
- Алматы қаласы – 608,8 млрд теңге (көш басында)
- Астана – 257,1 млрд теңге
- Шығыс Қазақстан облысы – 97,4 млрд теңге
Көп оқылған
14.05.2026, 10:40
Қызылорда облысында 14 жыл бұрын бозбаланы пышақтап өлтірген қылмыскер анықталды (ВИДЕО)
14.05.2026, 15:27
«Жұмыстан кеткіңіз келсе – кетіңіз»: Аймағамбетов «жұмыстан шыға алмай жүрген» қазақстандықтарға қуанышты жаңалық айтты
14.05.2026, 10:33
Ақмола облысында 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
14.05.2026, 11:08
«Әке, сіз салып берген сара жолмен жүріп келеміз»: Амангелді Сейітханның ұлы матч жүргізіп, елдің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)