09.04.2025, 11:37
Экономика
Енді энергетикалық сусындар қымбаттайды – Үкімет акциз енгізуді ұсынып отыр
Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексін талқылап жатыр
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда алкогольсіз энергетикалық сусындарға акциз салу жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа Салық кодексінің жобасына осындай норма енген.
«Зиянды сусындарды тұтынуды азайту мақсатында алкогольсіз энергетикалық сусындарға акциз енгізу ұсынылады», - деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.
Айта кетері, қазір елімізде 21 жасқа толмаған қазақстандықтарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынған.
Бұған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қосылған құн салығынан босатылатынын жазған едік.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады