$ 518.21  590.09  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қосылған құн салығы қымбаттағаннан кейін тауарлар неше пайызға қымбаттайды

Салық реформасынан кейін бюджет қосымша 4-5 трлн теңгеге толығады

Қосылған құн салығы қымбаттағаннан кейін тауарлар неше пайызға қымбаттайды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әсет Құндақбаев

Үкімет қосылған құн салығын 12 пайыздан 16 пайызға дейін өскеннен кейін қосымша инфляция 2,5-3% болады деп болжап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұманғариннің айтуынша, салық реформасының нәтижесі айқын сезіледі.

«Жылына қосымша 4-5 трлн теңге салық түсімдері. Ұлттық қорға тәуелділіктің төмендеуі. Бюджет өзін-өзі қамтамасыз етеді. Иә, өзгерістер инфляцияға әсер етуі мүмкін, бірақ бұл әсер уақытша болады және бір жыл ішінде күтілуде. Біздің есептеулеріміз бойынша қосымша инфляция 2,5-3%-ды құрайды», - деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Айта кетері, бүгін депутаттар жаңа Салық кодексінің жобасын талқылап жатыр.

Серіктес жаңалықтары