$ 510.59  578.91  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қорқудың қажеті жоқ»: үйдің жанындағы дүкендер мен шаштараздар ҚҚС төлемейтін болды

Халықпен жұмыс істейтін өзге де кәсіпкерлер ҚҚС-дан босатылады

«Қорқудың қажеті жоқ»: үйдің жанындағы дүкендер мен шаштараздар ҚҚС төлемейтін болды
Фото: astanatv.kz

Мәжілістің жалпы отырысында жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді таныстырған премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үй жанындағы дүкендер мен шаштараздар қосылған құн салығын төлемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, енді орта және шағын бизнеске арналған арнаулы салық режимі оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі деп аталады. Кіріс лимиті – қазіргідей 600 мың айлық есептік көрсеткіш болып сақталады. Қызметкерлер саны бойынша шектеу алынып тасталады. Мөлшерлеме - 4% және оны мәслихаттар 50%-ға дейін төмендетуі мүмкін.

«Үкімет режимді тек белгілі бір қызмет түрлеріне қолдануды ұсынды және басты шарт – тек B2C операциялары. Бұл ретте В2В операциялары арнаулы режим аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Егер жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін салық төлеуші тауарды немесе қызметті «арнаулы режимшіден» сатып алса, онда оның мұндай шығындарды шегеруге құқығы жоқ. Қызмет түрлерінің санын Үкімет реттейді. Осылайша, «үй жанындағы» дүкендер, шаштараздар және халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер осы шарттарға сәйкес келеді және қосылған құн салығын төлеуші болмайды. Оларға қорқудың қажеті жоқ», - деді Жұманғарин Мәжіліс отырысында.

Серіктес жаңалықтары