Қазақстан «таза» телефондардың арқасында жыл сайын 100 млрд теңге пайда таппақ
Бұл туралы цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті

Естеріңізде болса, 2025 жылдың 24 наурызнан бастап Қазақстанда ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу қағидаларына өзгерістер енген болатын. Соған сай, енді елімізге тек «таза» телефондар, яғн, ұрланбаған, кедендік бақылаудан өткен телефондар енеді. Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бұл бастамадан Қазақстан жылына 100 млрд теңгеге пайда табатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір нақты статистика айта алмаймын, бірақ, бұл жұмысты жалпы не үшін қолға алғанымызды айтайын. Статистика бойынша, яғни, телефон шығаратын ірі компаниялардың мәліметіне сенсек, «қара нарықтың» қазіргі үлесі - 75 пайыз. Сондықтан, біздің болжамға сай, азаматтар кедендік рәсімдеуден өткен «таза» телефонын алады. Ал, бұдан бюджетке жылына шамамен 100 млрд теңге түседі деп болжап отырмыз», - деді бүгін ол Мәжіліс кулуарында.