$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Доллар қымбаттап жатыр: балалардың шотына Ұлттық қордан көбірек ақша аударыла ма

Былтыр инвестициялық кіріс 6,2 млрд долларды құраған

Доллар қымбаттап жатыр: балалардың шотына Ұлттық қордан көбірек ақша аударыла ма
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Ұлттық қордағы ақшаны мейлінше аз алып, тиімді басқарсақ, балалар арасында бөлінетін қаражат мөлшері де өседі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифинге мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сүлейменов қазір мемлекеттік бюджетте ақша жетіспеушілігі бар екенін, бюджетке түспей жатқан салықтар Ұлттық қордан алынатын трансферттер есебінен қаржыландырылып жатқанын айтты.

«Біз Ұлттық қордан неғұрлым көп ақша алсақ, балалар арасында бөлінетін пайыз да соғұрлым төмен болады. Сол себепті біз, әрине, Ұлттық қордағы ақша көбейіп, инвестициялық кірісіміз өскенін қалаймыз. Егер біз көбірек сақтап, азырақ алып, тиімді басқарсақ, әрине, балаларға бөлінетін қаражаттың сомасы да өсе береді. Бұл жерде қарапайым арифметика: егер сен депозитіңнен үнемі ақша шеше берсең, тиісінше оған қосылатын пайыз да аз болады», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, былтыр Ұлттық қордың активтерін басқару есебінен инвестициялық кіріс 6,2 млрд долларды құраған. Ал бұл жылдық 11 пайыз. Ал биыл көрсеткіш доллармен жылдық 9%-ға жеткен.

Естеріңізге салайық, елімізде биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы басталды. Бағдарлама аясында жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің тең жартысы 18 жасқа толмаған балалар арасында теңдей бөлініп, олардың шотына түсіп отырады.

Серіктес жаңалықтары