$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Санкцияға іліккен Мәскеу биржасы Қазақстанның қор нарығынан өз еркімен шықты

Тимур Сүлейменов мұны «дұрыс шешім» деп атады

Мәскеу биржасы Қазақстан қор биржасы – KASE акционерлері құрамынан шығу туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сүлейменов мұны «дұрыс әрі кәсіби шешім» деп бағалады.

«KASE мен Мәскеу биржасы стратегиялық ынтымақтастық туралы шарт жасасқан, олар жаман жұмыс істеген жоқ, өзара технологияларды пайдаланып, тәжірибемен алмасты. Бірақ Мәскеу биржасы санкцияға іліккен соң, олар, менің ойымша, серіктес ретінде «біздің санкциялық статусымыз KASE жұмысына кедергі келтіреді» деп пайымдап, қор құрамынан шығу туралы шешім қабылдаған. Ең бастысы, Мәскеу қор биржасы KASE құрамынан шығу туралы шешімді құптады. Жақын арада Мәскеу биржасы KASE акционерлері құрамында болмайды», - деді Ұлттық банк басшысы брифингте.

Ол Мәскеу биржасының орнына кім келетінін білмейтінін айтты.

Естеріңізге салайық, биыл жаздың басында АҚШ Мәскеу биржасына санкция салған болатын.

Серіктес жаңалықтары