12.09.2024, 14:36
Экономика
Түгел спортқа 60 млрд теңге: келесі жылы Олимпиадаға бөлінетін қаржы азая ма
Келер жылы спорт саласына 60 млрд теңге бөлінбек
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Олимпиада резервіне бөлінетін бюджет қаржысы азаятынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, Париж Олимпиадасынан кейін туризм және спорт министрлігі осындай бастама көтеріп отыр деген ақпарат бар.
«Бүкіл министрлікке 200 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде туризм, ұлттық университетті ұстау тағы басқалары кіреді. Туризм және спорт министрлігі шынымен бұл бастаманы көтеріп отыр. Менде бар ақпарат бойынша, олар әлі барлық спорт түрлерін атамады, бірақ жоғары нәтижелі спорттарды анықтайды», - деді ол.
Бейсенбекұлы хабарлағандай, туризм министрлігінің спорт бағытына биыл 55 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы 60 млрд теңге бөлінбек.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды