$ 491.71  529.97  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

2025 жылы Қазақстандағы студенттер ең кемі 52 мың теңге шәкіртақы алады

Бұл туралы бүгін мәжілісте қаржы вице-министрі мәлім етті

2025 жылы Қазақстандағы студенттер ең кемі 52 мың теңге шәкіртақы алады
Фото: istockphoto.com

Бүгін мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырып жатқан қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы әлеуметтік салаға көзделіп отырған қаржы көлемін жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2025 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстарға 6 трлн теңге сомасында қаржы қарастырылған», - деді ол.

Екінші басымдыққа ие білім беру саласына 2025 жылы 1 трлн. теңгені бөлінбек екен. 

«Шығыстардың көбеюіне қатысты екі негізгі себепті атап көрсетуге болады. Соның бірі -  жоғары оқу орындарындағы студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 15-20% өседі. Осылайша, бакалавриат студенттері үшін шәкіртақының орташа мөлшері 52 372 теңге, магистратура үшін - 117 098 теңге болады», - деп хабарлады ол.

Серіктес жаңалықтары