Алтын бағасы бір унция үшін 2038 долларға дейін өсті

Azattyq Rýhy

Алтын бағасының көтерілуіне байланысты 750 млн доллардан астам мемлекеттік борыш төленді

Алтын бағасы бір унция үшін 2038 долларға дейін өсті
freepik.com

Қараша айының қорытындысы бойынша АВР көлемі 34,1 млрд долларды құрап, бір айда 131 млн долларға ұлғайды деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қараша айында алтын бағасы бір унция үшін 1998 доллардан 2038 долларға дейін өсті. Бұл ретте бағалы металл бағасының өсуі әлемдегі геосаяси жағдайдың күрт нашарлауына, атап айтқанда, Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты орын алды. Алтын бағасының көтерілуінен болған әсер 750 млн доллардан астам мемлекеттік борышты төлеумен теңестірілді», - дейді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, қараша айында Ұлттық қордан республикалық бюджетке 237,3 млрд теңге аударылған. Бұдан басқа, Ұлттық қорға республикалық бюджетті қаржыландыру үшін Қазмұнайгаз ұлттық компаниясының 550 млрд теңге сомасындағы акциялары сатып алынды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.