Brent маркалы мұнай бағасы 5,2%-ға төмендеді
Желтоқсаның басында мұнай бағасы барреліне 74 доллардан төмен түсті
Қараша айына жоспарланған ОПЕК+ кездесуінің кейінге қалуына байланысты мұнай нарығында құбылмалық байқалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұнай экспорты мен өндіру көлемін ерікті түрде төмендетуге қатысты ОПЕК+ шешіміне қарамастан, қарашаның қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 5,2%-ға төмендеген.
«Мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту туралы мәлімдемелер нарықты сендіре алмады. Ал талдаушылар сұраныс төмендеген және АҚШ тарапынан өндіру артқан кезде ОПЕК+ қабылдаған уағдаластықтар жеткіліксіз деп санайды. Осыған байланысты желтоқсан айының басында мұнай бағасы барреліне 74 доллардан төмен түсті», - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.
Оның айтуынша, соған қарамастан қараша дамушы экономикалар үшін қолайлы ай болды. Өткен айда дамушы елдер валюталарының индексі 2%-ға өсті. Осы кезеңде теңге 458,24-ке дейін (2,4%) нығайды. Бұл нығаю салық төлеу кезеңімен байланысты болды. Алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда, қазан-қарашада доллар арқылы сақталған депозиттер көлемі төмендеді және Ұлттық қордан сату көлемі де теңгенің нығаюына өз ықпалын тигізді.
Сондай-ақ Ұлттық банктің мәлімдеуінше, жыл басынан бері валюталық интервенция жүргізілмеген.