АҚШ пен Канадада жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш Ұлы депрессия кезеңімен теңесті
Америкада бір аптада 629 мың адам өтініш білдірген

Солтүстік Америкада жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініштер саны қатты өсіп жатыр, деп жазады @tengenomika телеграм арнасы.
«Мәселен, Канадада соңғы төрт күн ішінде жұмысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақыға өтініш тапсырғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аптасына 27 мыңнан 500 мыңға жақындады. Өз кезегінде, АҚШ-та осы аптада 15 штат бойынша ғана өтініштердің жиынтық саны 629 мыңды құрады, ал өткен аптада бүкіл ел бойынша бұл көрсеткіш 281 мыңға тең болды»,- делінген онда.
Бұл 1992 жылдан бері индикатордың ең жоғары апталық өсімі ретінде бағаланды. Тіпті, АҚШ пен Канадада жұмыссыздық бойынша өтініштер санының артуы 1930-шы жылдары Солтүстік Американы жайлаған Ұлы Депрессияның ең жоғары көрсеткішімен тең түсті.
Оқи отырыңыз: АҚШ-та коронавирустан 323 адам қаза тапты
Айта кетерлігі, Goldman Sachs болжамы бойынша осы аптада АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақы тапсырғандардың саны 2,250 млн құрайды, бұл елдің бүкіл тарихында абсолютті максимум болады, сондай-ақ Штаттар экономикасындағы терең рецессияның «ресми» басталуын білдіреді.
Өз кезегінде, Қазақстанда да сыртқы сұраныстың күрт төмендеуі (мұнай бағасының құлдырауы, экспорттың азаюы) және ішкі сұраныстың (COVID-19 таралуына қарсы күрес жөніндегі карантиндік шаралар) аясында де нақты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы байқалады.
«Атамекен» ҰКП сауалнамасының нәтижесі бойынша, осы аптада сауалнамаға қатысқан 6252 кәсіпкерлік субъектінің 60% - ы қызметкерлердің еңбекақысын төлеуде қиындықтар болатынын және ақысыз демалысқа жіберуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді»,- делінген жазбада.
Бұл ретте, қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қазақстандық ШОБ сегментінде (қазір ең жоғары тәуекел аймағында орналасқан) 1,6 млн.қызметкер есепте тұр. Олар Қазақстанда жұмыспен қамтылған халықтың 18%.