$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.03.2020, 15:00
Экономика

Әлемдік әуекомпаниялар табысы 44%-ға төмендеуі мүмкін - IATA

Ұшуға 3 айға шектеу қойылған жағдайда

Әлемдік әуекомпаниялар табысы 44%-ға төмендеуі мүмкін - IATA

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) әлемдік авиакомпаниялардың жолаушылар тасымалы саласындағы табысына қатысты болжамын жаңартты, коронавирус пандемиясы кесірінен 2020 жылы ол 44%-ға төмендеуі мүмкін.

«Сапарларға қатаң шектеулер мен әлемдік экономикадағы жаһандық рецессия салдарынан IATA 2020 жылы жолаушылар тасымалынан түскен табыс 252 млрд долларға немесе өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға төмендеуі мүмкін деп болжайды. Бұл сценарий елдер арасындағы сапарларға шектеулер үш айға дейін сақталса, жүзеге асуы мүмкін»,-деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі.

IATA талдауына сәйкес, 2019 жылмен салыстырғанда Азия-Тынық мұхиты аймағында әуе компаниялары көп зардап шегеді . Яғни, минус 88 млрд доллар. Екінші орында Еуропа Әуекомпаниялары (минус 76 млрд доллар), Солтүстік Америка аймағы (минус 50 млрд доллар).

Қауымдастықтың соңғы мәліметтері бойынша, егер ұшуларға шектеу үш айдан кейін алынып тасталса, халықаралық рейстердегі жолаушылар айналымы 38% - ға төмен болады.

Серіктес жаңалықтары