ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

АҚШ-та коронавирустан 323 адам қаза тапты

Індет жұқтырғандар саны 26 мыңнан асты

Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, Сovid-19 коронавируспен ауырғандар саны 26 138 адамға жетті. Осылайша Құрама Штаттар Қытай мен Италиядан кейін вирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орынға шықты, деп хабарлайды РБК арнасы.

Ең көп науқас Нью-Йоркте -12,3 мың адам. Екінші орында Вашингтон солтүстік-батыс штаты. Онда 1793 COVID-19 тіркелді. Үшінші Калифорния, онда 1407 адам ауырған.

«АҚШ-та коронавирустан болған өлім саны 323-ке жетті. Вашингтон штатында қаза болғандар саны - 94. Нью-Йоркте 75 өлім тіркелді, 25 — Калифорнияда. Барлығы 176 науқас емделіп шықты. COVID-19 американың барлық штатында тіркелді»,- деп хабарлайды арна.

16 наурызда АҚШ-та вирус жұқтырған 3,5 мың адам тіркелді. Осылайша, алты күн ішінде індеттің таралу қарқыны жеті есеге өсті.

13 наурызда АҚШ-та төтенше жағдай режимі енгізілді. Коронавирустың таралуымен күрес шаралары ретінде Вашингтон шетелдіктерге елге кіруге тыйым салды.

Президент Дональд Трамп елдің шекарасын толығымен жапқысы келмейді, бірақ билік АҚШ-тың оңтүстік шекарасын заңсыз кесіп өтетін мигранттарға тосқауыл қоятын заңды пайдаланады деп мәлімдеді.