$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.03.2020, 11:47
Қоғам

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 1 адамның жағдайы ауыр

Қалада коронавирус жұқтырғандар саны 31 адамға жетті

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 1 адамның жағдайы ауыр

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова бүгін анықталған бір науқастың жағдайы нашар екенін айтты.

«Ол стационарда пневмониямен ауырады деген күдікпен жатқан. Диагностика барысында коронавирус инфекциясын жұқтырғанын білдік. Аталған науқастың қазір қызуы көтеріліп жатқан жоқ, бірақ жағдайы ауыр. Екіжақты пневмония, бірінші деңгейлі тыныс алудың жетіспеушілігі бар. Дисциплинаралық топтың консилиумы тағайындалды», - деді С. Қисықова.

Бүгін анықталған екінші науқас елшілік қызметкері. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, ол 1976 жылы туған шетелдік азамат. Бүгін түнде Лондоннан Нұр-Сұлтанға ұшып келді.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 31 адамның 7- еуі шетелден, «1А» санаттағы елдерден келгендер. 1- еуі шетелдік азамат.

Қазір қаладағы стационарда 1230 адам жатыр. Оның 61-і балалар.

Соңғы мәлімет бойынша, вирус жұқтырғандар саны Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 56 науқас тіркелді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары