ШұғылCOVID-19 жұқтырған 16 науқас аса ауыр халде жатыр

Карантин: 21-25 наурызда айырбас пункттерінің жұмыс уақыты қысқарады

Шектеу екі қалаға да қатысты

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімімен 21-25 наурыз аралығында айырбастау пункттері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл туралы әкімдік хабарлайды.

«2020 жылғы 21-25 наурыз аралығында уәкілетті банктердің (олардың жұмыс кестесіне сәйкес) және қолма-қол шетелдік валютамен айырбас операцияларын жүзеге асыру құқығы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмысы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00 бастап 16:00 дейін шектеледі», - делінген хабарламада.

Сондай ақ, бұл шектеу Алматы қаласына да қатысты.

«2020 жылдың 21 наурызынан бастап 25 наурызына дейін барлық, оның ішінде екінші деңгейлі банктердегі  айырбастау пункттері да 10.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс режиміне ауысады»,- деп хабарлады Алматы әкімдігі.