ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 45 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Ерболат Досаев Президентке ақша-кредит саясатына қатысты шараларды баяндады

Тоқаев инфляция деңгейінің өсуіне қарсы жұмыстарға ерекше назар аудару керек екенін айтты

Фото: akorda.kz

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа валюта нарығы мен қаржы саласындағы қазіргі ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның қор биржасындағы «теңге-доллар» саудасы кезінде Франкфурт аукционы әдісін уақытша енгізу, сондай-ақ, қаржылық тұрақтылық пен іскерлік белсенділікті сақтау мақсатында ақша-кредит саясатына қатысты қабылданған шаралар жайында баяндады.

Мемлекет басшысы валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банктің, Үкіметтің және ұлттық холдингтердің үйлесімді жұмыс жүргізіп, тиімді шешімдер қабылдауының маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, инфляция деңгейінің өсуіне қарсы жұмыстарға ерекше назар аудару керек.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент отандық кәсіпорындарға несие беруге, олардың операциялық қызметін қаржыландыруға қатысты кешенді қолдау шараларын қабылдауды тапсырды.