$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2019, 10:16
Экономика

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі: Қазақстан төрт сатыға көтерілді

Сарапшылар ең төменгі бағаны Қазақстандағы қаржы жүйесіне берді

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі: Қазақстан төрт сатыға көтерілді

Дүниежүзілік экономикалық форумы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша есебін жариялап, Қазақстан 141 елдің арасында 55 орын алды.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі мемлекеттің төртінші өндірістік революцияға дайындық деңгейін өлшейді. Бұл көрсеткіштердің қатарына кіретіндер: институттардың сапасы, инфрақұрылым жағдайы, IT және заманауи коммуникациялардың енуі, макроэкономикалық тұрақтылық, тұтыну нарығы, еңбек нарығы, қаржылық жүйе, ішкі нарық көлемі, денсаулық, білім мен біліктілік, бизнестің даму динамикасы, инновациялық қабілет.

Ең жоғары көрсеткішге Сингапур ие болды. Ол бірнеше көрсеткіштер бойынша қалған елдерді басып озады. Екінші орында – АҚШ, үшінші орында – Гонконг. Бестікке Нидерланд және Швейцария елдері кіреді.

Ресей 43 орнын сақтап қалған, Әзірбайжан 58 орында, Қырғызстан 96 орында. Ал Қазақстан мемлекеті былтырғымен салыстырғанда 4 орын алға жылжып, біршама көрсеткіштерін жақсартқан. Сарапшылар ең төменгі бағаны Қазақстандағы қаржы жүйесіне берді – 104 орында. Денсаулық және инновациялық қабілет бойынша - 95 орында, бизнестің даму қарқыны бойынша 35 орында. Ал, еңбек нарығына ең жоғары баға беріп, 25 орынға ие болды.

Серіктес жаңалықтары