Қазақстандықтар шетелде қандай валюталармен есеп айырысады?

Шетелдік валюталардың үздік бестігі: Қазақстандықтар шетелге шыққанда қандай валютамен төлем жасайтыны белгілі болды

Қазақстандықтар шетелде қандай валюталармен есеп айырысады?
Фото: total.kz

Қазақстандықтар шет елдерге шыққанда қандай валютаны көбірек пайдаланатындығы белгілі болды. Түрлі қызметтерге төлем жасау үшін көбіне доллар мен ресей рублін пайдаланса, дүкендерде сауда жасағанда еуро мен фунт стерлингін, тамақтану орындарында юаньді қолданатыны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Forbes-ке сілтеме жасап.

Шетел валютасындағы ең көп соманы Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Петропавл тұрғындары жұмсайды екен. Рейтинг жасау кезінде қазақстандық пайдаланушылардың Яндекс мультивалюталық карталарымен жасаған төлемдері есепке алынды. 

Рубль

Ресей рублі – қазақстандықтар ең жиі қолданатын шетелдік валюта. Тұтынушылар массаж, шаштараз қызметі, тамақ жеткізіп беру сынды қызметтерге көп пайдаланатын көрінеді. Оған орта есеппен 7814 теңге жұмсалса, дүкендерде сауда жасауға – 3919, тамақ пен алкогольге 2730 теңге жұмсалады.

Доллар

Шетелдік сапарға барғанда қазақстандықтардың доллармен ең көп есеп жасайтын жері – дүкендер, орта есеппен 23 доллар (9129 теңге) болса, ал қызмет көрсету саласында - 18 долларды (6942 теңге) құраған.

Еуро

Еуро — қазақстандық туристер жиі пайдаланатын валюталар тізімінде үшінші орында тұр. Аталған ақша түрін олар еуроаймақта түрлі қызметтер үшін €341 (145 322 тенге) жұмсаса, көлік қатынасына €323 (137 682 тенге), дүкендердегі саудаға €269 (114 526 тенге) жаратады.

Юань

Юань – үздік бестіктің 4-ші сатысында. Қазақстандық пайдаланушылар аталған валютадағы ең көп соманы тамақ пен алкогольге жұмсайды. Орташа есеппен ¥519 (28 228 теңге).

Фунт

Рейтнигті фунт стерлинг аяқтайды. Көбіне Қазақстан тұрғындары оны шетелдік дүкендерде пайдаланады. Орта есеппен £139 (66 481 теңге)  және азық түлік үшін £9 (4349 теңге) жұмсайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.