$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2019, 11:13
Экономика

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы қымбаттады

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бір шаршы метрдің құны 3,5% артты 

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы қымбаттады
Фото: kn.kz

Қазақстанда 2019 жылы қыркүйекте жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны 285 мың 640 теңгені құрады және өткен аймен салыстырғанда 0,4%, ал, 2018 жылдың желтоқсан айынан 3,6% өсті, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% - ға қымбаттаған.

Тұрғын үйді жалға беру нарығында да өзгерістер бар. Қыркүйек айында бұл көрсеткіш 1%-ды құраса, жыл басынан бері 5% өсім байқалады. 

Орта есеппен қыркүйек айында жаңа үйдің шаршы метрінің бағасы - 285 мың 640 теңге, екінші нарықтағы үй –197 мың 299 теңге көрсеткішіне тұрақтады. Ал жалға берілетін пәтердің шаршы метрінің құны – 1470 теңгені құрады. 

Серіктес жаңалықтары